- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Орал тұрғыны теректен...
Орал тұрғыны теректен мүсін жасады
Орал қаласының тұрғыны Болатбек Баймағамбетов Қазақ хандығының 550 жылдығына орай жерлестеріне сыйлық дайындап жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Сыйлық қаладағы Еуразия даңғылы аулаларының бірінде орналасқан теректен жасаған. Өлген ағашты қайтадан тірілту идеясы Болатбектің басына осыдан екі ай бұрын келген екен. Мүсін ел қорғаған батыр образына сәйкес келеді. Автор Болатбек Баймамғанбетов бұл туындының оралдықтарға арналған сый екенін айтты.
"Бұл біріншіден, Қазақ хандығының 550 жылдығына және Ұлы Жеңістің 70 жылдығына арналып отыр. Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің де батыр болып саналатынына ешкім шүбә келтірмейді. Сондықтан, туған қалама сыйлық тарту етуді жөн санадым", - деді мүсінші.
Еске сала кетейік, 2014 жылдың қазан айында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Астана қаласы активімен кездесуде 2015 жылы қазақ мемлекеттілігінің 550 жылдығын мерекеленетінін хабарлаған еді.
М. Бисембаева