- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Орал тұрғыны сот...
Орал тұрғыны сот арқылы бірге тұратын әйелден 4 миллион ақша өндіріп алғысы келді
Орал тұрғыны бірге тұратын әйелден 4 миллион теңгеден астам ақшаны өндіру туралы сотқа шағым түсірді. Оның айтуынша, ол бұл ақшаны оған қарызға берген, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Талап қоюшының өз шотынан жауапкердің шотына жалпы сомасы 4 миллион теңге ақша аударымын жасағаны анықталды.
"Талап қоюшы, жауапкер бұл ақшаны жаңа көлік сатып алуға керек болғандықтан, несие ретінде алған деп санайды және оны 2023 жылдың соңына дейін қайтаруға уәде берген. Алайда жауапкер ол соманы осы күнге дейін өз еркімен қайтармаған және өз міндеттемелерін орындамаған. Жауапкер тараптардың азаматтық некеде екенін және кәмелетке толмаған балалары бар екенін түсіндіріп, талап қоюмен келіспеді. Сот балаға алимент тағайындады. Бұл отбасыда (тараптардың арасында), жауапкерге қарызға ақша беру және қайтару уақыттары туралы ешқандай мәміле болған емес", – деп хабарлады сот.
Сот талап қоюды қанағаттандырудан бас тартты. Себебі талап қоюшы азаматтық заңнаманың талаптарына сәйкес тараптар арасында несие шартының жасалғандығы және даулы құжаттарды қайтару міндеттемесін алғанын растайтын ешқандай дәлелдемелер ұсынбады және жауапкердің пікірін жоққа шығарған жоқ.
Тараптардың кәмелетке толмаған ортақ балалары бар және бірге өмір сүрген, бұл да талап қоюшының даулы қаражатты қайтару міндеттемесінсіз, өз еркімен беру ниетін растайды.
Шешім заңды күшіне енген жоқ.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
М. Лұқпан