• 500.67
  • 490.7
  • 6.04

Орал тұрғыны өз пәтеріне 95 адамды тіркеген

Орал тұрғыны өз пәтеріне 95 адамды тіркеген
Фото: depositphotos.com

Оралда ер адам өз пәтеріне 95 адамды тіркеген, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Батыс Қазақстан облысында көші-қон полициясының қызметкерлері азаматтарды тіркеу саласында заңбұзушылықтарды анықтады.

Орал қаласындағы пәтерлердің бірінде пәтерде нақты тұрмайтын 95 адам тіркелгені белгілі болды.

Пәтер иесіне қатысты әкімшілік шаралар қабылданды.

Еске салайық, Қазақстан Республикасы әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 493-бабына сәйкес тұрғын үй-жайлардың иелері азаматтарды заңсыз тіркеген әрбір жағдай үшін жауапқа тартылуы мүмкін. 

Бұдан басқа, жеке басын куәландыратын құжаттарсыз немесе тіркеусіз тұратын адамдар ҚР ӘҚБтК-нің 492-бабы бойынша жауапкершілікке тартылады. Бір жыл ішінде қайталанған бұзушылықтар үшін қатаң санкциялар қарастырылған. 

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

А. Жапатова
Logotype Massaget