Орал тұрғыны қыз баланы жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеген, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Батыс Қазақстан облысының полиция департаменті Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шарасы барысында ұзақ уақыт бойы қорқытып, күш көрсету арқылы 1995 жылы туған қызды жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеп келген облыс орталығының тұрғынын ұстады.
Жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге мәліметтер жария етілмейді.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!