- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Орал тұрғыны Қытайдан...
Орал тұрғыны Қытайдан арзан ыдыс аламын деп оңбай алданған
Орал тұрғыны Данагүл Бекесова шет елден арзан ыдыс-аяқ алу үшін маңғыстаулық әйелдің есеп шотына 62 миллион теңге аударған. Алайда ол ақшаны да, тауарды да ала алмаған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Данагүл Бекесованың айтуынша, маңғыстаулық әйел Whatsapp мессенджерінен топ құрып, ыдыс-аяқ сататынын жеткізген. Оқиға 2021 жылы болған. Данагүл сол тауарларды өзінің таныстарына ұсынып, жұрттан жиналған 62 миллион теңгені маңғыстаулық әйелдің есеп шотына аударыпты. Алайда содан бері тауар да жоқ, ақша да қайтарылмаған.
"Арзан тауарлар бар" деді, соны сату үшін таныстарымнан тапсырыс алдым. 100 мың теңгенің тауарын 5 мың теңгеге ұсынды. Сондай заттарға 500 данаға дейін тапсырыс бердік. 62 миллион теңге төледім. Алайда алдап кетті. Жұрт тыным бермеген соң өзім Қытайдан ыдыс-аяқ әкеліп, таныстарымның тапсырыстарын беріп жатырмын дейді", - Данагүл Бекесова.
Шағымданушы Маңғыстау облыстық Полиция департаментіне арыз жазған. Оның айтуынша, өзі секілді алданған тағы бірнеше адам бар. Олар да жақын күндері Ақтауға барып, құқық қорғау орғандарына шағымданбақ екен.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова