Орал тұрғыны қант аламын деп миллион теңгесінен айырылды

Орал тұрғыны қант аламын деп миллион теңгесінен айырылды
Фото: elements.envato.com

Орал тұрғыны интернеттен қант аламын деп миллион теңгесінен айырылды, - деп хабарлайды "Астана" арнасы.

Телеарна мәліметінше, қант тапшылығы мен бағаның күрт өсуін пайдаланған алаяқтар интернетте түрлі жарнама таратып жүр. Полицейлер қант алаяқтарын анықтау оңай болмайтынын, себебі, олар мұқият жасырынады немесе мүлдем басқа елде болады дейді. Соңғы уақытта Оралда қант сатқан белгісіз адамның үстінен бірнеше адам арыз түсірген. Барлығы қант аламын деп алданып қалғанын айтады.

"Облысымыздың 1993 жылы туған азаматы 60 қап қант әперемін деп Орал тұрғынынан 1 миллион теңге көлемінде ақша алған. Тағы бір тұрғынды 320 мың теңгеге алдаған. Қазіргі уақытта ол адамның басқа да қылмыстарға қатысы бар екені анықталды", - дейді БҚО ПД баспасөз қызметкері Лунара Аманғалиева.

ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы (алаяқтық) бойынша соталды тергеу басталды. Күдікті қамауға алынды.

Кейбір жарнамаларда қанттың бір келісі 330 теңге өнім Ресейден жеткізіледі деп жариялаған. Ал құзырлылар, жарнаманы тексермей, ақша салмауға шақырды.

Г. Досымшалова