- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Орал тұрғыны жер...
Орал тұрғыны жер үйден 4 миллион теңге ұрлаған
Орал тұрғыны жер үйлердің бірінде иесінің жоқ екенін пайдаланып ұрлыққа түскен, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Батыс Қазақстан облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, күдікті торы жоқ үйдің кішкентай терезесін сындырып кіріп, 4 миллион теңге мен алтын әшекейлерді ұрлап әкеткен.
Оралдағы Абай аудандық полиция қызметкерлері жедел іздестіру шараларын жүргізу барысында 43 жастағы қала тұрғынын анықтап ұстады. Ол бұрын осындай іспен қылмыстық жауапкершілікке тартылған. Мүлік ішінара тәркіленді, кейбір заттарды төмен бағамен сатып үлгерген.
Қазіргі уақытта ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы 3-бөлігі ("Ұрлық") бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
М. Лұқпан