Орал тұрғыны балалардың көзінше итті пышақтап тастаған. Полиция тергеуді бастады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Мой Город" басылымына сілтеме жасап.
Бұл туралы еріктілер мәлімдеді.
"Балалардың көзінше ер адам итті пышақтап тастаған. Барлығы балалардың көз алдында болған. Еріктілер арыз жазды, бірақ полиция қызметкерлерінің істі жан-жақты қарауға немқұрайды екеніне шағымданды", - деп жазды Inucobo жануарларды қорғау қауымдастығы өкілі Instagram-да.
БҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметі өкілі оқиға 5 тамызға қараған түні Гагарин көшесіндегі үйдің ауласында болғанын айтты. Күдікті анықталған.
"Орал полиция басқармасы ҚР Қылмыстық кодексінің 316-бабы бойынша соталды тергеуді бастады", - делінген ведомство хабарламасында.
Еске салайық, бұған дейін Атырауда белгісіз біреулер итті суға батырмақ болғаны хабарланған еді.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!