Орал тұрғыны ағаштың бойымен бірдей қарасора өсірген, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
4 тамыз күні Оралдың жанындағы Коминтерн ауданында 1990 жылы туған тұрғынның үйінің ауласынан 60 түп қара-жасыл түсті, қарасораға ұқсас өсімдіктер табылып, тәркіленді.
Табылған өсімдіктер сараптамаға жолданды.
Кейбір бұталар ағаштың бойындай биік өскен. ҚР Қылмыстық кодексінің 300-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!