Орал қалалық сотында қылмыстық істер бойынша БҚО-ның екі тұрғыны Денис Рудных пен Кристина Кольченкоға қатысты үкім шығарылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Мой ГОРОД" сайтына сілтеме жасап.
Басылым мәліметінше, Денис Рудных Қылмыстық кодекстің 180-бабы ("Сепаратистік әрекет") бойынша кінәлі деп танылып, орташа қауіпсіздік қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде жазасын өтей отырып, бес жыл және екі ай бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалды.
Кольченко да сепаратизм үшін сотталды. Ол орташа қауіпсіздік қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде жазасын өтеп, бес жылға бас бостандығынан айырылды.
Істі судья Варвара Дмитриенко қарады. Үкім заңды күшіне енген жоқ және шағымдануға болады.
Айта кетейік, әңгіме биыл ақпанда жарияланған видео туралы. 20 жылдан бері Оралда тұрып жатқан ресейлік соғыста Ресейді қолдайтынын, "Орал әрдайым Ресейдің қаласы болғанын" айтқан еді. Видеодағы әйел оның сөздерін қолдап отырған болатын.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!