Орал маңындағы саяжай аумақтарына су жайылды

Орал маңындағы саяжай аумақтарына су жайылды
Фото: Видеодан алынған кадр

21 сәуірде түстен кейін Жайық өзені су деңгейінің көтерілуіне байланысты жер білігі арқылы су жүрді. Орал қаласының маңындағы саяжай аумақтарын су басуда, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"БҚО, Қызылорда облысы, Астана қаласы ТЖД құтқарушылары және ТЖМ 28237 әскери бөлімінің әскери қызметшілері оқиға орнына келді. Адамдар алдын ала эвакуацияланған болатын. Алайда, жергілікті тұрғындар арасында үйлерінен өз еркімен кетуден бас тартқандар да бар", - делінген хабарламада.

Жергілікті полиция қызметкерлері оқиға орнында жұмыс атқаруда.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

А. Жайыққызы