Орал маңындағы жантүршігерлік жол апаты: үш адам қаза тапты

Орал маңында жантүршігерлік жол апатынан үш адам қаза тапты. Батыс Қазақстан облысы Полиция департаменті оқиғаның мән-жайын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Полиция мәліметінше, жол апаты 16 желтоқсанда сағат 20:30 шамасында Орал – Кирсанов тасжолында болған. KIA K5 автокөлігінің 1989 жылы туған жүргізушісі рөлге ие бола алмай, қарсы бағытқа шығып кетіп, ВАЗ-2104 көлігімен бетпе-бет соқтығысқан. Ол көлікте 1974 жылы туған жүргізуші отырған.

Оқиға салдарынан ВАЗ-2104 көлігінің жүргізушісі мен екі жолаушысы алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмған. Осы автокөліктегі тағы бір жолаушы түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді.

"Аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 345-бабы 4-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды. KIA K5 жүргізушісі ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды", - деп хабарлады полиция.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!