Орал қаласының әкімі денсаулығына байланысты демалысқа кетті

Орал қаласының әкімі Миржан Сатқанов денсаулығына байланысты екі аптаға демалысқа кетті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қалалық әкімдіктің баспасөз қызметінің мәліметінше, Сатқанов екі аптадан бері денсаулығына байланысты демалыста. 

Оның міндетін уақытша орынбасары Азамат Халелов орындайды. 

"Әкім төтенше жағдай кезінде денсаулығына байланысты демалысқа кете алмады. қазір емделіп жатыр, нақты немен ауырып жатқаны белгісіз", - дейді әкімдіктегілер "Мой ГОРОД" порталына. 

Айта кетейік, Миржан Сатқанов 2022 жылдың 26 сәуірінде Орал қаласының әкімі болып тағайындалған. 

Бұған дейін ол түрлі қызмет атқарған: БҚО кәсіпкерлікті қолдау және дамыту департаментінің бас маманы, бөлім басшысы және басшы орынбасары;

БҚО кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқармасы басшысының орынбасары, басқарма басшысы; 

БҚО жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы;

БҚО әкімінің орынбасары болып қызмет атқарды;

Бөрлі ауданының әкімі болған.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз