Орал қаласында №31 орта мектеп ашылды

Тәуелсіздік күні қарсаңында Орал қаласында №31 орта мектеп салтанатты түрде ашылды.

Көптен күткен білім ошағының ашылуына арнайы келген облыс әкімі Нариман Төреғалиев өңірдің білім саласында атқарылып жатқан жұмыстары жөнінде айтып берді. Мәселен, облыста соңғы екі жылда 22 жаңа орта мектеп бой көтерген. Атап айтқанда, былтыр 16 жаңа мектеп салынса, биыл 6 мектептің құрылысы аяқталуда. Сонымен бірге "Жайлы мектеп" жобасы аясында 6 мектептің құрылысы 2025 жылы жалғасады. Алдағы жылы қыркүйек айы қарсаңында Орал қаласындағы №8 мектептің құрылысы аяқталады деп күтілуде. 

Мектеп директоры Гүлзада Файзуллинаның берген мәліметіне сүйенсек, су жаңа мектепте 415 оқушы екі ауысымда оқиды. Қазақ сыныптарында - 165 оқушы, ал орыс сыныптарында 250 бала бар. 400 орындық білім ошағы заманауи құралдармен және технологиялармен жабдықталған.  Төрт қабатты, үш блоктан тұратын мектептің 10 есігі бар. Ортадағы кіреберіске турникеттер қойылған. Мектепте 47 бейнебақылау жүйесі, дыбыстық хабарлау және басқа да күшейтілген қауіпсіздік қызметтері орнатылған.

Оқушылардың киім ілетін орны, кітап оқуға, балалардың шығармашылық дамуы мен демалуына қажетті орындар, бастауыш сынып оқушыларының сыныптарында жеке шкафтар қарастырылған.

Мектепте бір спорт зал, акт зал, кітапхана, асхана, медбике бөлмесі, "Тамақтану мәдениеті", "Үй мәдениеті", "Дизайн және технология" деген үш шеберхана, 36 кабинет бар. Кабинеттерге touch-экрандар орнатылған. Жоғары жылдамдықтағы интернетке қосылуға болады. Сыныптарда заманауи компьютерлер мен интерактивті тақталар тұр. 

Ерекше қажеттіліктері бар балалар үшін кедергісіз орта қамтамасыз етілген, яғни пандустар, жеделсаты, арнайы дәретхана және инклюзивті білім беру кабинеті жасақталған.

Мектеп аумағында спорттық ойындарға арналған футбол, баскетбол, волейбол және басқаларына арналған алаңдар бар.

Материалды Батыс Қазақстан облысының әкімдігі ұсынды

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!