Орал қалалық сотының төрағасы Руслан Жұмағұлов қамауға алынды

Орал қалалық сотының төрағасы Руслан Жұмағұлов қамауға алынды
Фото: Сот сайтынан алынған сурет

Орал қалалық сотының төрағасы Руслан Жұмағұлов 10 тәулікке қамауға алынды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

5 қазанда Орал қалалық сотының төрағасы Руслан Жұмағұловтың қамауға алынғаны белгілі болды. Мессенджерлерде тараған ақпарат бойынша, бір судья мен екі адвокат пара алып жатқан жерінде ұсталған. Пара құны 1,5 миллион теңге болған. Судья сотталған адамға қатысты оң шешім шығармақ болған.

Айта кетейік, Руслан Жұмағұловты қамауға алуға санкция беру туралы өтініш Астана сотында қаралды. Елордалық соттың баспасөз қызметінің өкілдері 2024 жылғы 6 қарашада сотқа аға тергеушінің Руслан Жұмағұловқа қатысты 10 тәулікке қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялау туралы өтініші түсті.

Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу сотының қаулысымен күдікті Жұмағұловқа қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялау туралы өтініш-хат қанағаттандырылды. Сондай-ақ сот тергеу сотына адвокаттарға қатысты материалдар келмегенін баса айтты.

Тергеу мүддесі үшін басқа ақпарат жарияланған жоқ.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

С. Бөлек