- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Орал бұрыннан Ресейдің...
"Орал бұрыннан Ресейдің қаласы болған". Желіде аңдамай сөйлегендерге қатысты іс қозғалды
Әлеуметтік желіде "Орал бұрыннан Ресейдің қаласы болған" деп айтқан екі ер адамға қатысты қылмыстық іс қозғалды, - деп хабарлайды "Мой город".
Желіде жанжал тудырған видео екі күн бұрын пайда болған. Оралда 20 жылдан аса уақыт тұрып жатқан ресейлік соғыста Ресейді қолдайтынын, жалпы "Орал бұрыннан Ресейдің қаласы болған" деп айтты. Видеода бұл сөздерді қолдаған оның танысы (кім екені белгісіз) да көрсетілген.
Алғашында полиция қызметкерлері қылмыс құрамының болмауынан прокуратураның істі тіркемегенін хабарлады. Тек кей былапыт сөздері бойынша іс қозғалар еді. Бірақ департамент өкілдері ер адамның кешірім сұраған видеосын таратқан. Видеода ол мас болғанын, арандатушылық жасағысы келмегенін, оны барлығы дұрыс түсінбегенін айтқан.
Кейін БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі өкілдері видеодағылар - 1990 жылы туған ер адам мен 1987 жылы туған әйелге қатысты Қылмыстық кодекстің 174-бабы 1-бөлігі "Әлеуметтiк, ұлттық, рулық, нәсiлдiк, тектік-топтық немесе дiни алауыздықты қоздыру" бойынша соталды тергеу басталғанын хабарлады. Басқа ақпарат жариялауға жатпайды.
Бұл баптың санкциясы ірі мөлшердегі айыппұлдан жеті жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын қарастырады.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Бөлек