Орал әуежайында қоғамдық тәртіпті бұзған шетел азаматы жауапқа тартылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Көліктегі полиция бөлімшесінің қызметкерлері қоғамдық тәртіпті бұзған 52 жастағы шетел азаматын әкімшілік жауапкершілікке тартқан.
Ол Ыстамбұл - Орал бағытындағы әуе рейсімен ұшып келгеннен кейін паспорттық бақылаудан өту кезінде ұсталған. Бақылау залында ер адам Қазақстанды балағаттап, қорлайтын сөздер айтқан.
Полиция қызметкерлері ұсталған адамды кезекші бөлімге жеткізіп, ұсақ бұзақылық дерегі бойынша әкімшілік хаттама толтырған. Сонымен қатар, шетел азаматымен профилактикалық әңгіме жүргізілген.
"Сот шешімімен шетелдік азамат құқықбұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылды. Алдағы уақытта мұндай әрекеттерге жол бермеу туралы ескерту жасалды. Оған әкімшілік айыппұл салынды", - деді ІІМ өкілдері.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова