- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Орал-Атырау тасжолында үш...
Орал-Атырау тасжолында үш бірдей Өзбекстан азаматы мерт болды
Фото:
atpress.kz
Орал-Атырау тасжолында үш адам көз жұмды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі atpress.kz-ке сілтеме жасап.
Басылым мәліметінше, бәрі Өзбекстан азаматы екені анықталған. 20 қаңтарда сағат 17.00-де Орал-Атырау тасжолында, Ақжайық ауданының Самал ауылына жақын маңда жантүршігерлік жол апаты тіркелген.
"Mazda CX-7 көлігінің 41 жастағы жүргізушісі қарсы бетке шығып кетіп, жүк көлігімен соқтығысты. Өкінішке қарай, жеңіл көлік жүргізушісі мен екі жолаушы - 40 жастағы әйел мен 12 жастағы бала оқиға орнында қайтыс болды. Тағы бір 15 жастағы жасөспірім аудандық ауруханаға жеткізілді", - делінген Батыс Қазақстан облыстық Полиция департаментінің баспасөз хабарламасында.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова