- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- әуе тасымалы
Орал - Астана ұшағы құстармен соқтығысты

Белгілі қазақстандық авиакомпанияның ұшағы құстармен соқтығысқаны белгілі болды. Оқиға Орал - Астана бағыты бойынша болған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
2025 жылғы 26 қаңтарда FlyАrystan FS 7366 әуе компаниясының рейсі кезінде Орал әуежайында құстар тобымен соқтығысқан.
"Ұшақ келгеннен кейін сол қозғалтқыштағы компрессор қалақшалары мен фюзеляжда көптеген зақымданулар анықталды, сондай-ақ құстардың қалдықтары қозғалтқышта және басқа жерлерде табылды. Орал әуежайында осындай оқиғаларды болдырмау мақсатында құстардың түрлерін анықтау үшін ДНҚ-тестілеуге жіберіледі", - деп мәлімдеді AirAstana баспасөз қызметі.
Air Astana баспасөз қызметі
Сондай-ақ авиакомпаниялар IATA мәліметтері бойынша елдегі мұндай оқиғалардың деңгейі әлемдік көрсеткіштен айтарлықтай жоғары екенін хабарлады.
"2024 жылы Air Astana компаниясында құстармен соқтығысу көрсеткіші 2023 жылмен салыстырғанда 30 пайызға өсіп, 203 жағдайды құрады", - деп атап өтті компания.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
А. Жапатова