- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Орал әкімі азық-түлікке...
Орал әкімі азық-түлікке айына қанша жұмсайтынын айтты
12 тамызда Орал әкімі Миржан Сатқанов журналистермен кездесіп, бірнеше сұраққа жауап берді, - деп хабарлайды "Мой ГОРОД".
Әкім азық-түлікке айына қанша жұмсайтынын айтты.
"Біз көпбалалы отбасымыз. Алты адам бар. Азық-түлікті әйелім сатып алады және оның айтуынша, бәрі қымбаттап жатыр. Тұрмыстық химия заттарына қанша кететінін айта алмаймын, ал азық-түлікке шамамен 200 мың теңгедей кетеді", - деді әкім.
Миржан Сатқанов пандемияға дейін азық-түлікке айына шамамен 100 мыңдай кеткенін атп өтті.
С. Сатыбалдина