- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Оптом" тұсаукесер: Дәулет...
"Оптом" тұсаукесер: Дәулет Мұқаев бір күнде қырықтан аса баланың тұсауын кесті
Депутат, танымал блогер Дәулет Мұқаев бір күнде қырықтан аса баланың тұсауын кесті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Құрбан айтқа орай Алматыдағы "оптом" тұсаукесер. Бүгін 40-тан астам баланың тұсауы кесілді. Еліміздің бірнеше қаласынан арнайы келген оқырманыма жеке алғыс. Барлық балақайға ақ жол. Бүгінгі тұсаукесермен бала саны 3152-ден асты", - деді депутат.
Желі қолданушылары бүлдіршіндерге ұзақ ғұмыр тілеп, балаларының тұсауын кестірген ата-аналар депутатқа алғысын білдірді.
"Дәулет балам, рақмет, немеремнің тұсауын кестіңіз, сіз секілді елдің азаматы болсын!", "Сіз тұсауын кескен бүлдіршіндер сіз секілді болғай. Елдің азаматы болсыншы", "Дәулет мырза, сізге үлкен рахмет! Ұлымның тұсауын кестіріп алдық. Сіз сияқты елдің баласы болсын. Өте қарапайым екенсіз. Алла разы болсын", "Халықтың ықыласына бөлене беріңіз!" - деп жазды олар.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова