Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Алматы облысында өгей нағашы атасы қорлаған 3 жасар егіз бен Алматы қаласында зорланған 7 жасар оқушының жағдайы туралы айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Министрлік басшысы балалардың жағдайы бақылауда екенін жеткізді.
"Балалардың жағдайы орташа ауыр. Медицина қызметкерлері балаларды қабылдаған кезде ересек балалардың зорлық-зомбылық көрсеткенін анықтады. Балалар толық тексеріліп, құқық қорғау органдарына уақытында хабар берілді. Олардың жарақатына байланысты балаларға операция жасалды", - деді Ажар Ғиният ОКҚ-де өткен баспасөз мәслихатында.
Министр жәбірленген балаларға қандай операция жасалғанын айтпады.
"Бұл пациенттердің жеке мәліметі екенін ескеріп, қандай операция жасалғанын айта алмаймын. Олардың дене мүшесінде жарақат болғандықтан, дәрігерлер тиісті операцияларды жүргізді", - деді ведомство басшысы.
Еске салайық, бұған дейін Алматы облысында 3 жасар қызды зорлады деген күдікпен 40 жастағы ер адам ұсталғаны хабарланған еді.
Сонымен қатар, Алматыдағы мектептердің бірінде 7 жастағы бала зорланды деген ақпарат тарады.
Аяз Есен
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!