- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Оператор РОП" ЖШС...
"Оператор РОП" ЖШС бұрынғы басшысына түрмеде қолайлы жағдай жасап берген
Шығыс Қазақстан облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі басқармасы басшысының орынбасарына атышулы іс бойынша - сотталған адамға қолайлы жағдай жасағаны үшін сотталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Өскемен қаласының №2 соты ҚАЖД бастығының ШҚО бойынша орынбасары Қ.А. Зияновқа қатысты үкім шығарды.
"Ол сотталған – "Оператор РОП" ЖШС бұрынғы басшысы М. Құмарғалиев үшін жазасын өтеудің қолайлы және артықшылықты жағдайларын жасау жолымен лауазымдық өкілеттіктерін теріс пайдаланғаны үшін кінәлі деп танылды", - деп хабарлады Антикордың баспасөз қызметі.
Сот үкімімен Зияновқа 1 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру, мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан өмір бойына айыру және "әділет подполковнигі" арнаулы атағынан айыру түріндегі жаза тағайындалды. Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
М. Лұқпан