- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Оның сізді шын...
Оның сізді шын жақсы көретінінің 2 негізгі белгісі
Әр адам өзінің серігіне сенімді болғысы келеді, себебі сатқындық туралы білу өте ауыр. Психолог Марк Трэверстің айтуынша, қарым-қатынаста тек екі факторға анализ жасау жеткілікті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Doctorpiter"-ге сілтеме жасап.
Кей адамдар қарым-қатынасының ұзаққа созылатынына толықтай сенбейді. Оған оның бұрынғы сәтсіз тәжірибесі, жеке қорқынышы, мазасыз ойлары немесе адамдарға сенімсіздігі ықпал етуі мүмкін. Алайда өз қарым-қатынасын шынымен де бағалайтын адамдарға тән әрекеттер бар. Американдық психолог Марк Трэверстің айтуынша, оны зерттеулер де дәлелдеген. Егер қарым-қатынасыңыз төмендегі сипаттамаға сәйкес келсе, бұл серігіңіздің сізді шын жақсы көретінін көрсетеді.
Ол қарым-қатынастағы ниеті туралы ашық айтады
Сізге адал серіктес сізбен ашық және шынайы болғысы келеді. Сондай-ақ зерттеушілер мұндай адамдар әрқашан болашаққа бірге жоспар құрғанды жөн көретінін анықтаған. Яғни, еркек пен әйел арасында әрқашан ашық диалог болуы керек. Олар өз ойларымен бөліседі, бірге жоспарлар құрады, істерді талқылайды және мұның бәрін қуана жасайды. Олар бір-бірін қорқыныштары мен сезімдері үшін айыптамайды, керісінше, олар әрқашан бір-бірін түсінуге және қолдауға тырысады. Егер адам қарым-қатынастың статусын айта алмаса, бірге өмір сүру, той және басқа да қадамдар жайлы әңгімелерден қорықса, бұл қауіпті белгінің бірі.
Ол сізбен бірге барынша көп уақыт өткізгісі келеді
Уақыт – әр адамға қымбат ресурс. Біз бәріне үлгеруге тырысамыз да, шынымен маңызды нәрсе үшін бір-екі сағат бөлеміз. Сөзсіз, барлық адамда жұмыс, өз міндеттері мен шұғыл шаруалар бар. Бірақ егер адамның сізге деген сезімі жоғары болса, ол сізге ең бағалы ресурстардың бірі – уақытын қуана бөлетін болады. Сіз оны кездесуге көндірмейсіз және бірнеше күн көріспедік деп уайымдамайсыз. Бұл бос уақытты тек екеуіңіз бірге өткізу керек деген сөз емес. Серігіңіз сізді достарымен кездесуіне, кафеде бірге жұмыс істеуге шақырады немесе жаттығудан соң сізді күтіп алғысы келетінін айтады.
Оқи отырыңыз: Қыздар, сақ болыңдар! Сараң жігіттің бес белгісі
А. Жапатова