- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Оның стилі операға...
"Оның стилі операға жақын". Қайрат Түнтеков Димаш Құдайберген туралы
Әнші Қайрат Түнтеков шығармашылығындағы соңғы жаңалықтарын бөлісті. Сондай-ақ өзіне қатысты қауесеттерге де нүкте қойды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Өнер иесі өзін Димаш Құдайбергенмен салыстыратындарға өкпелі екенін жеткізді. Бұл туралы ол Салтанат Live бағдарламасына берген сұхбатта айтты.
"2010 жылы француздың танымал "SOS d'un terrien en detresse" әнін алғаш мен орындадым. Одан кейін Димаш Қытай сахнасында айтып шықты."Қайрат Димаш секілді орындай алмайды" екен деген әңгіме де естідім. Өзімнің ойымша, екеуміздің орындауымызда да сәтті шықты. Музыкадан хабары бар адам екі түрлі бағытта айтылған әнді бірден байқайды. Халық не үшін мені Димашпен салыстыратынын түсінбеймін. Менікі – тап-таза, қоспасыз эстарадалық бағыт. Димаштікі – театрландырылған опералық бағыт", – деп түсіндірді әнші.
Сонымен қатар әнші аталған әнді репертуарынан сызып тастағанын да айтты.
"Соңғы кезде ол әнді мүлдем айтпаймын. Өйткені сөздері өте ауыр. Түсінген адам өлім туралы ән екенін біледі. Кейде халық соған вальс билеп жатады. Тойларға шақырғанда француз әнін сұрап жатады. "Кешіріңіз, бұл әнді айтпағаныма көп болды. Ұнатқан әніңізді айтып берейін" деймін. Тарихын білгеннен кейін, қинамайтын болды", – дейді Қайрат Түнтеков.
Айта кетейік, бұған дейін әнші алғаш рет отбасы туралы шындықты айтты. Ол туралы сілтемеге кіріп, оқи аласыз.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
Е. Ерболұлы