Танымал әнші Құрмаш Маханов "Алғашқы" бағдарламасында 9 ән арнаған музасы туралы айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Құрмаш Маханов әндеріне арқау болған кейіпкер туралы атап өтті.
"Ол керемет "көктем" ғой. Оның есімін ашпаймын. Бастысы ол "көктем" болды, іштей есіңе алуыңа болады. Оның отбасы бар. Бірақ туындыларымды шығаруыма себепкер болғанына қуанамын. Соңғы рет қашан көргенім есімде жоқ. Бұл махаббатты баянсыз деп айта алмаймын. Сол кезеңнен өтуіміз керек болды. Біз тек қолынан ұстап, вальс билеуге ғана рұқсат еттік. Одан әрі бармадық. Пәк, шынайы махаббат болып қалды", - деді әнші.
Бағдарлама барысында әншіге музасы сәлемін жолдап, өзіне арналған әндерді әсермен тыңдайтынын айтылды.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз