Қоғам белсендісі Бахытжан Құрманов Қуандық Бишімбаевқа қатысты Bilgen durys youtube-арнасына берген сұхбатында айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Оның айтуынша, Қазақстанда әділдік жоқ.
"Бишімбаевты соттауға болмайды, ол жас бала. Оның кінәсі жоқ. "Миллиард ұрладың" деп оны соттады. Алғанның бәрі кінәлі емес. Себебі ол ұясында не көрді соны көрсетті, болды. Бишімбаевтың әкесін соттау керек. Сол жерге дейін Бишімбаевты жеткізген адамдарды соттау керек", - деді қоғам белсендісі.
Қоғам белсендісі Бишімбаев тағы да мерзімінен бұрын шығып кетуі мүмкін екенін айтты.
"Өзіңнің сүйіп алған адамыңды жаңағыдай қиянатпен өлтіру деген, білмеймін...6 жылға сотталды. Ол ертең 6 жыл емес, 3 жылдан кейін шығады. Өзің көріп отырсың ғой, әділдік жоқ", - деді ол.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!