Әнші Әсем Айнақұлова "Менің өмірім" бағдарламасында күйеуімен не үшін ажырасып кеткенін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Ұлым 10 жасқа толады. Ұлымның әкесімен ажырасып кеттім. Бірақ араласып тұрамыз. Менің балама анамнан бөлек ата-енем қарасып, көмектеседі. Балам екі ортада емін-еркін жүруі үшін мен әдейі солар тұратын ауданға көшіп бардым.
Менің ойымша, о бастан екеуміз екі түрлі болдық. Өмірге деген көқарасымыз әртүрлі. Бір жарым жылдай кездестік, содан кейін үйлендік. Бірақ ұзақ тұрмадық, ұрыса бердік. Оның қыр-сырлары көп, дәл осы үшін ажырастық деп кесіп айта алмаймын. Жалпы той боларда оның әке-шешесі маған үйленгенін қаламады. Олар оның бірінші отбасына қайта қосылғанын қалады. Екеуміз кездесіп жүрген кезде ол ажырасқан болатын.
Енді қазір қарым-қатынасмыз мүлдем басқаша. Бірге тұрмай жүргенімізге 7 жылдай уақыт өтті. Арада екі жылдай баласымен араласпай кеткен кезі болды. Кейін басымызға іс түскен кезде қолдаған кісілердің бірі сол кісі болды. Бұрынғы жолдасым "далада қанғып жүрмейсіңдер ғой" деп барынша көмегін берді", - деді ол.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!