- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Онымен жұмыс істеу...
"Онымен жұмыс істеу қиын болды". Асанәлі Әшімов режиссер Шәкен Аймановты есіне алды
Актер, КСРО және Қазақстанның халық әртісі, Қазақстанның еңбек ері Асанәлі Әшімов "Хабар" арнасына берген сұхбатында режиссер Шәкен Аймановпен жұмыс істеу қандай болғанын есіне алды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Асанәлі Әшімовтің айтуынша, Шәкенмен жұмыс істеу оңай әрі қиын болған.
"Шәкенмен жұмыс істеу оңай әрі қиын болды. Өйткені ол өзі бала сияқты жан-жағындағының бәріне сүйкімді, түсірілім алаңында елдің бәрін күлдіріп, көңілді кісі болатын. Көңілді әріптестер, көңілді ортада жұмыс істеу өте оңай.
Ал қиын жағына келетін болсақ, ол кісінің көзінше алдауға болмайды. Ол кісі өзі ұлы актер, режиссер болғандықтан, оның алдында ойнау өте қиын. Кейіпкердің рөлін ол кісінің ойынан шығатындай етіп ойнап, сол дәрежеге жеткізуің керек. Мен ол кісімен 2-3 фильмде бірге жұмыс істедім. Бірінші жағынан маған көп еркіндік берді, екінші жағынан Шәкеңе үйрене бастадым. Ол кісі ұлы оқытушы, педагог қой. Мен актер ретінде ұлкен кадрдың ортасында тұрғанда, ол камераның жанында тұрып, маған көмектесетін. Соның арқасында кадр ойдағыдай шығады", - деді ол.
Тағы да оқи отырыңыздар: Тыныс белгілері қай кезде қабаттаса қойылады?
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
Б. Жұмаділлә