- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- “Оны түсінетінімді білдірмейді“....
“Оны түсінетінімді білдірмейді“. Айсәуле Бақытбек әкесіне қатысты қате пікірлерге жауап берді
Танымал қазақстандық продюсер Баян Алагөзованың қызы, актриса Айсәуле Бақытбек әкесімен қарым-қатынасы туралы айтып, ел аузындағы қате пікірлерге қатысты жауап берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Айсәуле Бақытбек Instagram-парақшасында оқырманының сұрағына жауап беріп, әкесімен қарым-қатынасы туралы айтты.
"Мен сурет жарияладым, бірақ маған "жарайсың, араласқаның жақсы", "қандай керемет адам" деген және т.б. пікірлер жұмсартып айтқанда, ұнамайды", - деп жазды актриса.
Оның айтуынша, бұл мүлде қате пікір.
"Оның істегенін ақтау мүмкін емес. Ешқандай жағдайда. Бұл сурет және біздің араласатынымыз, оны аз да болса түсінетінімді немесе ақтағым келетінін білдірмейді. Бұл олай емес.
Бұл қарым-қатынасты ұстау маған оңай емес, көп еңбек пен күш-жігерді қажет етеді. Оны ол тіпті білмеуі де мүмкін. Мен кейбір дүниелерді кешіруге болмайтынына сенемін. Бірақ оған қоса, мен сол адамның арқасында осы өмірде бар екенімді білемін. Сондай-ақ әкем маған көп жылдар бойы өте жақсы әке болды.
Иә, адам қорқынышты әрекеттерден кейін де балалары және немерелерімен сөйлесуге құқылы. Өйткені бұл өмір. Ал өмірдің қыры шексіз көп. Сіздердің көпшілігіңіз менің өмірімнің қыр-сырын және менің әрекеттерімді түсіне алмайсыздар. Мен де сіздерді түсіне алмайтыным сияқты", - деп жазды Айсәуле Бақытбек.
Еске салайық, 12 шілдеде Бақытбек Есентаев бостандыққа шығатыны белгілі болды. Қапшағай қалалық соты 12 шілдеде Есентаевтың шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы өтінішін қарады. Прокурор сотталушының өтінішін қанағаттандыруды сұрады. Жәбірленуші Баян Алагөзова мен оның өкілі Бақытбек Есентаевты мерзімінен бұрын шартты түрде босатуға келісті.
Ол 28 шілдеде бостандыққа шықты. Бұл туралы Бақытбек Есентаевтың қарындасы Нағима Есентаева хабарлады.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Д. Шәріпхан