2017 жылдан бастап Қазақстанда халық тығыз орналасқан оңтүстік аймақтардан жұмыс күші тапшы солтүстік өңірлерге ерікті түрде қоныс аудару бағдарламасы жүзеге асырылды. Massaget.kz тілшісі оңтүстіктен солтүстікке қоныс аударушыларға қандай көмек көрсетілетінін анықтады.
Биыл сәуірде Премьер-министрдің экс-орынбасары (қазір Ақтөбе облысының әкімі) Ералы Тоғжанов Қазақстанның оңтүстік өңірлерінен солтүстікке қоныс аударушыларға жаңа жоба әзірленгенін айтты. Ал еңбек және әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенованың сөзінше, бастапқыда бұл шаралар нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде көзделген болатын.
"Биылдан бастап олар "Қуатты өңірлер - ел дамуының драйвері" ұлттық жобасы шеңберінде іске асырылып жатыр. Ерікті түрде қоныс аудару екі мәселені шешуге мүмкіндік береді: өз өңірлерінде жұмысқа орналаса алмаған қазақстандықтарды жұмыспен қамтамасыз ету және жұмыс берушілерді қажет еңбек ресурстарымен қамтамасыз ету", - деді еңбек министрі Тамара Дүйсенова.
Еске салайық, өңіраралық ерікті қоныс аударуға жұмыс іздеп жүрген адамдар, жұмыссыздар және олардың отбасы мүшелері қатысады.
"Қуатты өңірлер - ел дамуының драйвері" ұлттық жобасымен Алматы, Жамбыл, Маңғыстау, Түркістан, Қызылорда облыстары, сондай-ақ, Алматы, Шымкент және Нұр-Сұлтан қалалары қоныс аударушылардың шығу өңірлері болып айқындалды.
Ұлттық жоба шеңберінде ерікті түрде қоныс аударуға қатысушылар үшін субсидиялар түрінде мынадай мемлекеттік қолдау шаралары ұсынылады:
Сондай-ақ, өңіраралық қоныс аударуға жәрдем көрсететін жұмыс берушілерге көмек көрсетіледі.
Айта кетейік, бұл жобаны іске асыру үшін 2022 жылы 7,2 миллиард теңге қарастырылған. Бүгінде оңтүстіктен солтүстікке 8,1 мың адам қоныс аударған.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!