Оңтүстікте терроризмді насихаттағандар сотталды

Түркістан облысында терроризмді насихаттағандар және экстремистік ұйым қызметіне қатысқандар сотталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Жамбыл облысының тұрғыны былтыр қазанда Telegram желісінде "Ислам үшін" атты парақша ашып, онда заңсыз террористік құрылым ретінде танылған "Мұсылман бауырлар" және "Өзбекстан-исламдық қозғалысы" халықаралық террористік ұйымдарының видеоларын таратқан.   

Ал Түркістан облысының тұрғыны желтоқсанда WhatsApp және Facebook желілері арқылы бірнеше рет "Хизб-ут-Тахрир" діни экстремистік ұйымының видеосын таратқан.  

Мемлекеттік айыптаушылар сот барысында сотталушылардың кінәсін толық дәлелдеп, бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұраған.

Сот үкімі 

Терроризмді насихаттағандарға 7 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Олар жазаны қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі барынша жоғары мекемесінде өтейді.  

Үкімдер заңды күшіне енген.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!