Оңтүстікте жылы, солтүстікте жауын-шашын: алдағы күндері ауа райы қандай болады?

Оңтүстікте жылы, солтүстікте жауын-шашын: алдағы күндері ауа райы қандай болады?
Фото: depositphotos.com

Қазгидромет 25, 26, 27 қарашаға арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Оңтүстікте күн шуақты

Қарашаның соңы болғанына қарамастан, Қазақстанның оңтүстігінде ауа райы жылы, күн шуақты болады. Күндіз ауа температурасы +13…+18°С аралығында болжанып отыр.

Солтүстікте жауын-шашын

Ал солтүстік өңірлердің тұрғындарын жауын-шашын күтіп тұр. Солтүстік-батыс циклоны елдің солтүстік жартысы арқылы жылдам ығысып, жаңбыр мен қар жауып, жел күшейіп, көктайғақ болады.

Ауа температурасы түнде 0…-5°С, күндіз 0…+5°С болады.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget