Синоптиктер 3, 4 және 5 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Қазгидромет мәліметінше, алдағы күндері Қазақстанның батыс, солтүстік-батыс және солтүстік облыстарында күн суытады.
"Еліміздің оңтүстік жартысында циклон әсерінен қалыптасқан құрғақ және ыстық ауа райы сақталады", - делінген хабарламада.
Ауа температурасы төмендейтін өңірлер:
- батыста түнде +10+18-ден +8+16 градусқа дейін, күндіз +23+31-ден +17+25 градусқа дейін;
- солтүстік-батыста түнде +15+23-10+18 градус, күндіз +27+35-тен +21+28 градус.
- республиканың солтүстігінде +15+23-тен 8+16°С-қа дейін, күндіз +25+35-тен +17+25 градусқа дейін;
- республиканың орталығында негізгі ауа температурасы түнде +10+22 градус, күндіз +30+38 градус.
Температура жоғары болатын өңірлер:
- шығыста түнде +4+15-тен +10+18 градусқа дейін, күндіз +22+27-ден +30+38 градусқа дейін;
- оңтүстік пен оңтүстік-шығыста негізгі температура түнде +15+25 градус, күндіз +30+40 градус.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!