Оңтүстік өңірдің тұрғындары түнде жер сілкінісін сезді

Оңтүстік өңірдің тұрғындары түнде жер сілкінісін сезді
Фото: depositphotos.com

Оңтүстік өңірдің тұрғындары түнде жер сілкінісін сезді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

3 қарашада Астана уақытымен сағат 01:29-да жер сілкінісі тіркелген. Эпицентрі Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 1079 шақырым жерде, Ауғанстан аумағында орналасқан.

"Жер сілкінісінің энергетикалық класы - 14.2. MPV магнитудасы - 6.2", - деп жазылған ТЖМ хабарламасында.

Жер сілкінісінің күші былай сезілген:

  • Шымкент қаласы - 2 балл;
  • Түркістан облысы Мақтаарал ауданы Мырзакент ауылы - 2 балл;
  • Түркістан облысы Жетісай ауданы Жетісай қаласы - 2 балл;
  • Түркістан облысы Шардара ауданы Шардара қаласы - 2 балл.

ТЖМ мәліметінше, зардап шеккендер мен қираған ғимараттар туралы ақпарат түспеген.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget