- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Оңтүстік Кореяның бірінші...
Оңтүстік Кореяның бірінші ханымы "қуыршақ" бейнесімен көпшілікті таңғалдырды
Оңтүстік Кореяның бірінші ханымы Ким Кон Хи ел президент Юн Сок Ельмен АҚШ-қа ресми сапармен барған кезінде батыс баспасөзінің назарын аударды. Бұл туралы Daily Mail жазады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Tengri Life сайтына сілтеме жасап.
50 жастағы Ким Кон Хи екі ел арасындағы 70 жылдық одақ құрметіне Байден жұбы Ақ үйде ұйымдастырған кешкі асқа барған. Онда Оңтүстік Кореяның бірінші ханымы жиындағы қонақтар мен журналистерді таңғалдырды. Ким Кон Хи жиналғандар арасында өзінің "қуыршақтай" бейнесімен ерекшеленді, деп жазады басылым. Ол ұзын ақ юбка, ақ жекет және қолғап киген.
Салтанатты кешке Джо Байден отбасының мүшелері, сондай-ақ Анджелина Джоли мен оның ұлы Мэддокс сияқты кейбір танымал тұлғалар қатысқан.
Юн Сок Ель ән орындады, содан кейін ән авторы Дон МакКлиннің қолтаңбасы қойылған гитараны сыйлыққа алды.
Оңтүстік Кореяның бірінші ханымы күйеуінен 12 жас кіші. Олар 2012 жылы үйленген. Ерлі-зайыптының балалары жоқ. Ким Кон Хи - Covana Contents көрме компаниясының директоры және президенті.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Д. Шәріпхан