“Оңтүстік Кореяға жұмыс визасы“. 92 млн теңгеге азаматтарды алдаған алаяқ сотталды

“Оңтүстік Кореяға жұмыс визасы“. 92 млн теңгеге азаматтарды алдаған алаяқ сотталды
Фото: Tengrinews.kz/ Тұрар Қазанғапов

92 миллион теңгеге азаматтарды алдаған алаяқ сотталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Мән-жай

Түркістан облысында алаяқ 2023-2024 жылдар аралығында 23 жәбірленушіні Оңтүстік Корея мемлекетіне жұмыс визасын жасап беремін деп алдап, 92 020 000 теңге жымқырған.  

Сот үкімі

Сот барысында мемлекеттік айыптаушы сотталушының кінәсін толық дәлелдеді.  

"Алаяқ 6 жыл мерзімге бас бостандығынан айырылды, сондай-ақ, 23 жәбірленушінің азаматтық талабы қанағаттандырылды", - деп жазылған хабарламада.  

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget