Алдын ала мәліметтерге сүйенсек, Оңтүстік Кореядағы Муан қаласының әуежайына қонған кезде апатқа ұшыраған ұшақ құстармен соқтығысқан болуы мүмкін, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Yonhap агенттігі ресми органдар айтқан ақпаратты келтірді.
"Билік: Муанда ұшақ апатқа ұшыраған кезде құспен соқтығысу шассидің істен шығуына себеп болуы мүмкін", - деп жазылған хабарламада.
Айта кетейік, ұшақтың шассиі - ұшақтың жер бетінде қозғалуына, қонуы мен ұшуына арналған құрал.
Оңтүстік Кореядағы ұшақ апаты таңғы сағат 9:07-де (Астана уақыты бойынша 5:07-де) болды. Бортта 175 жолаушы мен алты экипаж мүшесі болды, олар Бангкоктон оралған.
Апат салдарынан ұшақ айтарлықтай зақымданды, өрт шықты. Кейін төтенше жағдайлар қызметі өртті сөндіріп, іздеу-құтқару жұмыстары жүргізіліп жатқанын хабарлады.
Жолаушылар арасында Оңтүстік Кореяның 173 азаматы және Таиландтың 2 азаматы болғаны анықталды. Алдын ала ақпаратқа сәйкес лайнер қону кезінде құстармен соқтығысқан. Сондай-ақ құтқарылған екі адамнан басқалары қаза тапқан болуы мүмкін.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!