Оңтүстік Кореядағы ұшақ апаты: қара жәшікте соңғы төрт минуттың жазбасы жоқ

Оңтүстік Кореядағы ұшақ апаты: қара жәшікте соңғы төрт минуттың жазбасы жоқ
Фото: ©️ Yonhap

29 желтоқсанда Муан әуежайында апатқа ұшыраған Jeju Air әуе компаниясының Boeing 737-800 ұшағының қара жәшіктерінде соңғы минуттағы жазбалар жоқ болып шықты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Yonhap басылымына сілтеме жасап.

АҚШ-тың көлік қауіпсіздігі жөніндегі ұлттық кеңесінің қызметкерлері ұшақ бетон конструкциямен соқтығысқанға дейінгі шамамен төрт минуттық жазба үзілгенін анықтаған.

Оңтүстік Корея билігі бұл ұшақ апатының себептерін зерттеуді қиындататынын мәлімдеді. Бірақ құзырлы органдар қара жәшік ұшақ апатының жалғыз дерегі емес екенін де айтты.

Оңтүстік Кореядағы ұшақ апаты туралы не белгілі?

Оңтүстік Кореядағы ұшақ апаты 2024 жылы 29 желтоқсанда таңғы сағат 9:07-де (Астана уақыты бойынша 5:07-де) болды. Бортта 175 жолаушы мен алты экипаж мүшесі болды, олар Бангкоктан оралған. 

Апат салдарынан ұшақ айтарлықтай зақымданды, өрт шықты. Кейін төтенше жағдайлар қызметі өртті сөндіріп, іздеу-құтқару жұмыстары жүргізіліп жатқанын хабарлады.

Жолаушылар арасында Оңтүстік Кореяның 173 азаматы және Таиландтың 2 азаматы болғаны анықталды. Алдын ала ақпаратқа сәйкес лайнер қону кезінде құстармен соқтығысқан. Сондай-ақ құтқарылған екі адамнан басқа 179 адам қаза тапты. 

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Ж. Қадыржанова