- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Оңтүстік Кореяда Samsung...
Оңтүстік Кореяда Samsung Pay қызметі іске қосылды
Samsung компаниясы Оңтүстік Кореяда мобильді төлемдер қызметін іске қосты. Аталған қызмет түрінің әзірге тәжірибе жүзіндегі нұсқасы қолдануға берілген. Сондай-ақ, оны қолданушылардың саны да шектеулі.
Samsung Pay қызметі купертинолық компанияның Apple Pay қызметіне бәсекелестік тудыру мақсатында жасалған. Екі мобильді қызмет те NFC технологиясын пайдаланады. Дегенмен белгілі бір айырмашылықтарға ие. Атап айтқанда, Samsung Pay қызметінде ақша айналымының қауіпсіздігіне Magnetic Secure Transmission (MST) технологиясы жауапты. Бұл қолдасында бар барлық терминалдарды пайдалануға мүмкіндік береді. Ал Apple Pay қызметінің әзірге шектеулері көп.
IBTimes ғаламтор ресурсы Samsung компаниясы өзінің мобильді төлем қызметін бүкіл әлемде қолдануды жоспарлағанын жазады. Ал бастапқыда Samsung Pay Оңтүстік Корея мен АҚШ-та іске қосылады.
Сонымен қатар, әзірге жаңа төлем жүйесін Galaxy S6 мен Galaxy S6 Edge смартфондарын тұтынушылар ғана қолдана алады.
Ж. Өрісбай