Оңтүстік Корея дәрігерлері маймыл шешегінің елдегі алғашқы жағдайын анықтады, - деп хабарлайды Reuters басылымы.
Кореяның ауруларды бақылау және алдын алу агенттігі (KDCA) 21 маусымда екі ықтимал жағдай анықталғанын және диагностикалық сынақтар жүріп жатқанын хабарлады.
Вирус жұқтырғандардың бірі Германиядан келген корей азаматы.
Ол Инчхон халықаралық әуежайына келіп, мамандарға жүгінген.
Науқас келуге үш күн қалғанда бас ауруы, тері зақымдануы және басқа белгілерді сезіне бастағанын айтқан. Тексеріс барысында маймыл шешек сынамасы оң болды. Науқас медициналық орталыққа жеткізіліп, карантинге жатқызылған.
Мамандар эпидемиологиялық тексеру жұмыстарын бастады.