Оңтүстік Кореяда UNIST университетінде оқитын қазақстандық студентке «Жыл студенті-2016» атағы берілді. Бұл туралы KATEV Халықаралық қоғамдық қоры өзінің Instagram-дағы ресми парақшасында хабарлады.
Шымкент қаласынан Оңтүстік Кореяға білім қуып барған Дәулет Батырхан UNIST университетінің биылғы жылғы үздік студенті атанды.
Айта кетейік, UNIST университеті тәуелсіз ұлттық университет болып табылады. Ол Оңтүстік Кореяның Ульсан қаласында зерттеу институты ретінде құрылған. UNIST 2007 жылы әлемге танымал автомобиль шығаратын компания (Hyundai Motor), кеме жасау (Hyundai Heavy Industries), мұнай химия (SK Energy) және басқа да өнеркәсіп кәсіпорындары шоғырланған Ульсанда Корея өнеркәсібі үшін жоғары білімді маман даярлау мақсатында ашылған болатын.
Дереккөз: bnews.kz