Оңтүстік Кореяда зауытта жұмыс істеп жүрген қазақстандық мерт болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ақпаратты Сыртқы Істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров растады.
Қайғылы оқиға 8 сәуірде Чонджу қаласында болған. Алдын ала ақпарат бойынша шыны өндіру зауытында 30 жастағы қазақстандықты тоқ соққан. Ол ауруханада көз жұмды. Жергілікті полиция тергеуді бастады.
"Қазақстан азаматы зауытта көз жұмды. Қазір біз марқұмның туыстарымен байланысып, керек құжаттарды рәсімдеп жатырмыз", - деді Айбек Смадияров.
Аяз Есен
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!