- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Оңтүстік Кореяда Қазақстан...
Оңтүстік Кореяда Қазақстан азаматтарын жұмыстан шығарып жатқаны рас па?
Сыртқы істер министрлігі "Оңтүстік Кореяда қазақстандықтарды жұмыстан шығарып жатқаны" туралы ақпаратқа қатысты түсінік берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ведомствоның ресми өкілі Айбек Смадияровтың айтуына қарағанда, бұл ақпарат шындыққа жанаспайды.
"Бұл туралы ақпарат әлеуметтік желілердегі пабликтің бірінде жарияланған, ал осы парақшаны жүргізетін блогер бұл "жаңалықтың" қайдан шыққанын түсіндіре алмады. Өкінішке қарай, кейбір қазақстандық БАҚ бұл ақпаратты тексерместен жариялап жіберді", - деді Айбек Смадияров.
Ол сонымен бірге Сыртқы істер министрлігінің ресми ақпаратына сүйеніп, орынсыз дүрбелең туғызбауға үндеді.
Еске салайық, бұған дейін екі қазақстандық ер адам Оңтүстік Корея шекарасын заңсыз өтпек болғанын хабарлаған едік. Олар Оңтүстік Кореяға биыл 24 наурызда Ташкенттен барған.
Оңтүстік Корея шекарасын заңсыз өтпек болған екінші қазақстандық өз еркімен полицияға барды
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
М. Лұқпан