Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Оңтүстік Кореяда қашып кеткен Қазақстанның екі азаматын ауыр жаза күтіп тұрғанын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.
"Алғашқы сот отырысы өтті. Алдағы уақытта тиісті шаралар қабылданып, мән-жайы анықталады. Оларды Оңтүстік Корея аумағындағы жаза күтіп тұр. Ауыр заң бұзу болып есептеледі. Оларға қылмыстық қана емес, қаржылық құқық бұзу да қосылды. Олар келтірген шығынды өтеуі керек. Сондықтан біз сот шешімін күтіп отырмыз, бірақ олар көп жылға сотталады, - деді Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров.
Еске салайық, 28 наурызда Қазақстанға депортациялануы керек болған екі азаматымыз Оңтүстік Кореяға қашып кеткен болатын. Желі қолданушылары жексенбі күні сағат 04:20 шамасында 21 және 18 жастағы екі қазақстандық депортацияланатын рейсті күтіп тұрғанда Инчхон әуежайының ұшу-қону жолағы жанындағы қоршаудан асып, қашып кеткенін хабарлады.
Кейінірек жергілікті полиция қызметкерлері қазақстандықтардың бірін ұстаған. Оңтүстік Кореяда қашып кеткен екінші қазақстандықты ұстауға көмектескені үшін 30 миллион вон (10 миллион теңгеден астам) сыйақы ұсынылды.
Қазақстандық Нарзуллаев Умиджан Тэджон қаласында орналасқан дүкенде телефонын қуаттап жатқан жерінде құқық қорғау органдары қамауға алған. Ал іздеуде жүрген екінші Қазақстан азаматы қашып кеткеннен 3 күн өткен соң Сеулдің көші-қон қызметіне өз еркімен берілді.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!