• 500.67
  • 490.7
  • 6.04

Оңтүстік Кореяда қамауға алынған президенттің жақтастары сот ғимаратын талқандап тастады

Оңтүстік Кореяда қамауға алынған президенттің жақтастары сот ғимаратын талқандап тастады
Фото: Yonhap

Оңтүстік Корея астанасы Сеулде биліктен қуылған бұрынғы президент Юн Сок Ельдің жақтастары бүлік шығарды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Оңтүстік Кореяның "Йонхап" агенттігіне сілтеме жасап. 

Сот ғимаратының талқандалуы

Президентті қамауға алу туралы сот шешімі жарияланғаннан кейін демонстранттар ғимараттың терезелерін сындырып, ішке кіріп, полициямен қақтығысып, кейбіреулері оларға орындықтар, қоқыс және басқа да заттарды лақтырған. Сондай-ақ наразылық білдірушілер Юнның есімін атап, айғайға салған.

Йонхап агенттігінің хабарлауынша, сот ғимаратының алдына Юн Сок Ельдің 44 мыңға жуық қолдаушысы жиналған.

Оңтүстік Корея президентінің міндетін атқарушы Чой Санг-мок Сеул сотындағы сұмдық жағдай үшін қатты өкінетінін жеткізді. Билік полицияға істі мұқият тексеруді және қақтығыс кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз етуді бұйырды.

Юн Сок Ельді қамауға алу уақыты 20 күнге ұзарды

Сеул соты Юн Сок Ельдің қамаудағы мерзімін "дәлелдемелерді жоюы мүмкін" деген желеумен 20 күнге ұзартуға бұйрық берді. Кейінірек белгілі болғандай Юн Сок Ель жексенбі, 19 қаңтарда жергілікті уақыт бойынша сағат 14:00-де Сыбайлас жемқорлықты тергеу департаментінде жауап алуы жоспарланған еді. 

Еске салайық, Оңтүстік Кореяның биліктен қуылған президенті сәрсенбі, 15 қаңтарда қамауға алынған болатын. Бұған дейін Юнды қамауға алу әрекеті 3 қаңтарда да жасалған еді. 

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Д. Литпин
Logotype Massaget