- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Оңтүстік Кореяда әуежайдан...
Оңтүстік Кореяда әуежайдан қашып кеткен екі қазақстандыққа сот үкімі шықты - адвокат
Оңтүстік Кореяда қашып кеткен қазақстандықтарға қандай үкім шыққаны белгілі болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл туралы заңгер, адвокат Мейірман Шекеев әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.
"Алақаааай. Бұл - Қазақстанның халықаралық тағы бір беделді жеңісі. Енді Кореядағы екі жігіт 3 жылға түрмеге тоғытылмай, айыппұл төлеп, елге қайтатын болды. (...) Мен тек себепшімін. Кешелі бері дұғада болып, тілекші болып жатқан баршаңызға мың алғыс. (...) Айтар, жазар нәрселер өте көп. Бірақ әлі бітіретін шаруалар жетіп жатыр. Алла қаласа, амандықта жүздесейік", - деп жазды ол.
Massaget.kz тілшісі Сыртқы істер министрлігіне ресми сұрау салды.
Ведомствоның ресми өкілі Айбек Смадияров бұған қатысты ресми ақпарат жоқ екенін, анықтап жатқанын хабарлады.
Еске салайық, 28 наурызда Қазақстанға депортациялануы керек болған екі азаматымыз Оңтүстік Кореяға қашып кеткен еді. Желі қолданушылары жексенбі күні сағат 04:20 шамасында 21 және 18 жастағы екі қазақстандық депортацияланатын рейсті күтіп тұрғанда Инчхон әуежайының ұшу-қону жолағы жанындағы қоршаудан асып, қашып кеткенін хабарлады.
Кейінірек жергілікті полиция қызметкерлері қазақстандықтардың бірін ұстаған. Оңтүстік Кореяда қашып кеткен екінші қазақстандықты ұстауға көмектескені үшін 30 миллион вон (10 миллион теңгеден астам) сыйақы ұсынылды.
Қазақстандық Нарзуллаев Умиджан Тэджон қаласында орналасқан дүкенде телефонын қуаттап жатқан жерінде құқық қорғау органдары қамауға алған. Ал іздеуде жүрген екінші Қазақстан азаматы қашып кеткеннен 3 күн өткен соң Сеулдің көші-қон қызметіне өз еркімен берілді.
Кейінірек Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Оңтүстік Кореяда қашып кеткен Қазақстанның екі азаматын ауыр жаза күтіп тұрғанын айтты.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
М. Лұқпан