Оңтүстік Кореяда жасанды интеллект технологиясы арқылы пластик қалдықтарын қайта өңдеуге арналған қоқыс контейнері пайда болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі 24.KZ-ке сілтеме жасап.
Құрылғы бөтелкелердің барлық түрлерін қайта өңдей алады. Ол бірден бірнеше функцияларды орындайды: AI жүйесі қоспаларды жойып, содан кейін пластикті ыстық сумен тазартады және оны ұсақ бөлшектерге айналдырады.
Шамамен жарты сағаттан кейін талшықтарды өндіруге болатын пластик түйіршіктер пайда болады. Машина айына 600 келіге дейін пластик өңдейді. Осы смарт-контейнерлердің мыңнан астамы елді мекендер мен саябақтарда орнатылған. Бір жылдың ішінде олар 500 миллионға жуық пластик бөтелкелерді қайта өңдеді.
Тұрғындар қалдықтарды тапсыру кезінде ақшаға айырбастауға болатын ұпайларды жинайды. Оңтүстік Корея 2030 жылға қарай пластик қалдықтарын 50 пайызға азайтып, оның 70 пайызын қайта өңдеуді жоспарлап отыр.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!