- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Оңтүстік Қазақстан облысының...
Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі тағайындалды
Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі болып Жансейіт Түймебаев тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
"Жансейіт Қансейітұлы Түймебаев Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі болып тағайындалсын, ол Қазақстан Республикасының Түрік Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметінен, Қазақстан Республикасының Албания Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі міндетін қоса атқарудан босатылсын" делінген Елбасы Жарлығында.
Түймебаев Жансейіт Қансейітұлы 1958 жылы Оңтүстік Қазақстан облысында туған. Қазақ мемлекеттік университетін, Мәскеу мемлекеттік әлеуметтік университетінің заң факультетін бітірген.
1980-1993 жылдары - Қазақ мемлекеттік университетінің ассистенті, аға оқытушысы, доценті.
1993-1994 жылдары - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің бірінші хатшысы, бөлім бастығы.
1997-1999 жылдары - Қазақстан Республикасы Президенті протокол қызметінің бас сарапшысы, Қазақстан Республикасының Стамбул қаласындағы Бас консулы, 1999-2004 жылдары - ҚР Президенті протоколының бастығы, 2004-2006 жылдары - Қазақстан Республикасы Президенті протоколының бастығы - Қазақстан Респубилкасы Президентінің кеңесшісі.
2006-2007 жылдары - Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі.
2007 жылы 19 қаңтарда Ж. Түймебаев ҚР Білім және ғылым министрі болып тағайындалды.
2010 жылы 7 қазанда Қазақстанның Түркия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі болып тағайындалды.
2011 жылғы 3 наурыздан Қазақстан Республикасының Албаниядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарып келді.
Н. Айдархан