Ішкі істер министрлігінде бірқатар ауыс-түйіс жүргізілді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Жоспарлы ротация тәртібімен, ішкі істер министрінің бұйрығымен, Президент әкімшілігімен келісілген түрде ведомствода бірқатар кадрлық тағайындау жасалды", - деп жазылған хабарламада.
Полиция генерал-майоры Айдос Рысбаев Ішкі істер министрлігі аппаратының басшысы болып тағайындалды. Ол бұған дейін Көліктегі полиция департаментінің бастығы болған.
Айдос Рысбаев. Фото: gov.kz
Полиция генерал-майоры Мұрат Қабденов бұған дейін Түркістан облысы Полиция департаментінің бастығы болған. Ол ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы болып тағайындалды.
Мұрат Қабденов. Фото: gov.kz
Полиция генерал-майоры Арыстанғани Заппаров бұған дейін Алматы қаласы Полиция департаментінің бастығы болған. Ол Түркістан облысы Полиция департаментінің бастығы болып тағайындалды.
Арыстанғани Заппаров. Фото: gov.kz
Полиция генерал-майоры Айдын Қабдолдинов бұған дейін Солтүстік Қазақстан облысы Полиция департаментінің бастығы болған. Ол Алматы қаласы Полиция департаментінің бастығы болып тағайындалды.
Айдын Қабдолдинов. Фото: gov.kz
Полиция полковнигі Абай Жүсіпов бұған дейін Ақтөбе облысы Полиция департаментінің бастығы болған, ол Солтүстік Қазақстан облысы Полиция департаментінің бастығы болып тағайындалды.
Абай Жүсіпов. Фото: gov.kz
Полиция генерал-майоры Қайыркен Әлиев бұған дейін Ұлытау облысы Полиция департаментінің бастығы болған, ол Ақтөбе облысы Полиция департаментінің бастығы болып тағайындалды.
Қайыркен Әлиев. Фото: gov.kz
Полиция генерал-майоры Нұрхат Оразбаев бұған дейін Атырау облысы Полиция департаментінің бастығы болған, ол Ұлытау облысы Полиция департаментінің бастығы болып тағайындалды.
Нұрхат Оразбаев. Фото: gov.kz
Полиция генерал-майоры Оңал Бекиев бұған дейін ІІМ аппаратының басшысы болған, ол Атырау облысы Полиция департаментінің бастығы болып тағайындалды.
Оңал Бекиев. Фото: gov.kz
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
Ж. Қадыржанова